Конфуций институты және Шығыстану факультетінің ұйымдастыруымен Алматы каласы жоғарғы оқу орындары арасында Қытай жаңа жылына орай «Көктем мерекесі» атты төртінші мерекелік кеш өткізілді

 2019 жылдың 1 ақпан күні Абылай атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдер Университеті жанындағы Конфуций институты және Шығыстану факультетінің ұйымдастыруымен Алматы каласы жоғарғы оқу орындары арасында Қытай жаңа жылына орай «Көктем мерекесі» атты төртінші мерекелік кеш өткізілді.

Аталмыш мерекелік кешке Алматы қаласындағы ҚХР бас консулы Чжан Вэй мырза, Алматы қаласындағы ҚХР бас консулдығының мәдениет және білім беру ісі бойынша консулы Ван Цинпин мырза және Алматы жоғарғы оқу орындарының өкілдері қатысты. Мерекелік концертте Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ –нің Шығыстану факультеті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң Шығыстану факультеті, Абай атындағы Қазақ ұлыттық педагогикалық университеті, Сүлейман Демирел атындағы Қазақ-Түрік халқаралық университеті, Тұран университеті, Халықаралық Қазақ-Қытай тіл колледжі, Қазақ Еңбек және Әлеуметтік Қатынастар Академиясының студенттері өз өнерлерін көрсетті.

Печать