Қазақстанда Үндістанның мәдениет күндері өтті

2019 жылдың 27-31 қаңтар аралығында Қазақстанда Үндістанның мәдениет күндері өтті. 29 қаңтарда ҚР Ұлттық кітапханасында Үндістан көшбасшысы Махатма Гандидің туғанына 150 жыл толуына орай «Махатма Ганди – 150 жыл: өмірі мен мұрасы» атты кітап және фото көрмесімен қатар Үндістан мәдениет күндерінің салтанатты ашылуы рәсімі өтті. Іс-шара Үндістанның Қазақстандағы Елшілігі мен Свами Вивекананда атындағы мәдени орталықпен бірлесіп ұйымдастырылды. 


Кітап көрмесінде Үндістанның Қазақстандағы Елшілігі ұсынған басылымдар, сондай-ақ ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан алынған қазақ, орыс, хинди және ағылшын тілдерінде кітаптар ұсынылды. 
Іс-шараға Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ шығыстану факультеті оқытушылары мен студенттері, кітапхана қызметкерлері мен оқырмандары қатысты.

Печать