Сұлулық әлемді құтқарады

 Қытайдың ұлы ойшылы Конфуций: «Сұлулық барлық нәрседе бар. Бірақ оны барлық адам байқай бермейді» деген екен. 1ақпан күні университетімізде «ҚазХҚжӘТУ Аруы-2019» байқауының жартылай финалы өтті. Университетіміздің 15 аруы қатысқан сұлулық байқауының жартылай финалына 8 бойжеткен өтті. Байқауға қатысқан барлық аруларымыздың ақылдарына көркі сай болды. Бір ай бойы аруларымыз сұлулық байқауына дайындалған болатын. Байқау талаптары да осал болмады.

Аруларымызды жан-жақты сынап бақты. Байқаудың барлық кезеңдерінен сүрінбей, финалға өткен бойжеткендеріміз: Алибаева Ақнұр (МжХҚФ, 1 курс), Алиасқар Аяна – (ШТПФ,1 курс), Грибко Анжела – МжХҚФ, 1 курс), Орынбай Ақниет (МжХҚФ, 2 курс), Карабалина Асем (АжФФ, 1 курс), Садвакасова Сания (ШТПФ, 3 курс), Куспанова Шырайлы (ЭжҚФ, 1 курс), Бектурова Дана (АжФФ, 3 курс). Финалға өткен қыздарды алғашқы сәтті қадамдарымен құттықтаймыз. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» болып, мәреге жетулеріне тілектеспіз!

Байқау әлі жалғасуда, жақын күндерде «ҚазХҚжӘТУ Аруы-2019» анықталады. Байқауда өнер көрсетіп жүрген қыздарымызды аяғына дейін қолдайық, жанкүйер болайық.

Печать