Мейірбандық – кісіліктің үлгісі

Ақын Абай Құнанбайұлы «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген өлең жолдарында адам жүрегінде  мейірімділік, ізгілік болған жағдайда, ол айналасына нұрын шашып, жақсылық жасап, нағыз АДАМ болып  қалатынын айтады. Ғұлама ақын  адамның үш түрлі асыл қасиетін көрсетеді: «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек». Ақылды, қайратты және мейірімді адамдар ізгілікке, жақсылыққа құштар болады.

Бүгінгі қоғамда  жаны таза, адамгершілігі мол  адамдар өте көп. Олар үнемі айналасына шуақ шашып, қамқорлық  жасағанды ұнатады.  Үниверситетіміздегі «Көмек» еріктілер қозғалысының мүшелері биылғы «Жастар жылын» «Қайырымдылық күнін» атап өтумен бастады.

Іс-шараның мақсаты – қатысушыларға адамгершілік ізгі қасиеттерді  насихаттау, қамқорлық, мейірімділік көрсетіп, жақсылық жасауға ынталандыру, рухани-адамгершілік негізіндегі қоғам құруға бірігу және осы акцияның барлық қатысушылары арасында белсенді өмірлік ұстанымды дамыту. Жазушы Әбіш Кекілбаевтың мынадай бір нақыл сөзі бар екен: «Адам нәсілін жер бетінде баяндатып тұрған бірден-бір күш — мейірім мен рақым ғана».  Демек, қайрымдылық пен қамқорлық – адам бойындағы ең ізгі қаситтер.

         Айналаңызға шуақ шашып, күлімсірей қараңыз! 
Көтеріңкі  көңіл-күйде жүріп, айналаңыздағы адамдарға  жағымды әсер етуге болады. Өте қарапайым және ең бастысы – басқа адамдарға қуаныш сыйлай аласыз. Мұның бәрі сізде бар. Өткені сіз АДАМСЫЗ!  Мейірімділік пен ізгілікпен айналаңа шуақ шаш!!!

Печать