VI Республикалық ғылыми-практикалық конференция

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті 2019 жылдың 8 ақпанында «Жастар жылына арналған» жас ғалымдар мен мамандар үшін «Индустрия 4.0: ұрпақтар сұхбаты және жас ғалымдарға жаңа бағыт-бағдар» атты VI Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Конференцияның мақсаты: білім беру саласының өзекті мәселелері мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін жинақтау, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында тәжірибе алмасу және жаңа идеяларды іздестіру алаңын құру.

Конференция жұмысының негізгі тақырыптық бағыттары ҚазХҚжӘТУ-дің ҚББҒЗ кешені мен ғылыми-зерттеу және қолданбалы инновациялық зертханасының тақырыптарымен байланысты болды.Конференцияда университеттің әлеуметтік мәселелер және тәрбие ісі жөніндегі проректоры Т.В. Сережкина, Factcheck.kz сайтының бас редакторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты Д. Смақов және басқа да жас ғалымдар мазмұнды баяндама жасады. Ғылыми конференция аяғында студенттер баяндамашыларға сұрақтарын қойып, тақырып төңірегінде ойларымен бөлісті.

 

 

Печать