Жатақханада өткен «Student’s party»

                Студентік  жылдарын бастан өткермеген, жатақханада студенттік өмір сүрмеген, ол  студент көп нәрсені жоғалтты деп айтуға болады.  ЖОО-да оқу кезінде адам көптеген әсерлерді бастан кешіреді, ол әсерлер барлық қалған өмірге жетеді. Өйткені студенттік жылдар бір оқумен шектелмейді. Мұнда жеке тұлға ретінде ашылудың барлық мүмкіндіктері бар.

Тек айналаңда болып жатқан барлық нәрсеге мұқият болу керек. 8 ақпан күні ҚазХҚжӘТУ-нің   Жатақхана кешенінде университет басшылығының қолдауымен № 2 жатақхана студенттік кеңесінің ұйымдастыруымен Ыбрайым Данагүл (студенттер кеңесінің төрағасы, педагогикалық факультеттің 2 курс студенті) демалыс орталығында "student' s party " атты іс-шара ұйымдастырды. Кеш қызықты сайыстар, музыкалық аспаптарда ойнау, ән орындау сияқты сценариімен залда достық атмосферасын құрды. Студенттер тек қана ойын-сауық бағдарламасына ғана емес, сонымен қатар танымдық бағдарламаға белсенді қатысты. Ең белсенді студенттерге жастар комитетінің төрайымы Айза Аблаким сыйлықтар табыс етті, ал ұйымдастырушыларға университет басшылығы атынан алғыс хаттармен марапаттады. Студенттер университет басшылығына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.Студенттік өмір керемет уақыт, ол тек дәрістер мен кітаптардан тұрмауы керек, осы кеш әр студентке еске алатын қызықты тамаша сәттерді қалдырды.

Печать