Tүлектерімен кездесу

8 ақпан күні сағат Таяу Шығыс аймағының тілі және аудармасы кафедрасынының араб, парсы және түрік тілі бөлімдерінің түлектерімен кездесу өтті. Кездесу кафедра меңгерушісі Әли Ботагөздің кіріспе сөзімен басталып, түлектер студенттерге таныстырылды. Әр жылдың түлектері өздерінің қазіргі жетістіктерімен бөлісіп, университетке және оқытушыларына алғыстарын білдірді.

Кездесу барысында болашақ мамандардың алдағы уақытта жұмысқа орналасу мәселесі қарастырылды. Студенттер өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойды және сонымен қатар түлектеріміз де өздерінің студенттік кезіндегі естеліктерімен бөлісті. 

Печать