Жас ақындар сайысы

Биылғы жастар жылына орай 11 ақпан күні университетімізде  жас ақындарға қолдау көрсету, олардың суырып­салмалық қабілетін ашу, айтыс өнерін наси­хаттау мақсатымен жас ақын­дардың айтысы ұйымдастырылды.

        Жыл басы қаңтар айынан бастап ұйымдастырушылар жас ақындар сайысына көптеген жас таланттарды анықтап еді, ертенде олар белгілі айтыс ақындары қатарына қосылыды деген ойдамыз. Студент-ақындар айтысына университетіміздің әр факультетінен келген  білім алушы қатысып, өзара бақ ­сынасты.

Үш сағатқа  созылған дүбірлі доданың ақтық сайысы қызықты болды. Айтыстың шымылдығын университетіміздің «Нұр Отан»  партиясы БПҰ төрағасының орынбасары Сержанов Бауыржан ашып, Жастар жылы бастауы ретінде ұйымдастырылып отырған жас ақындар сайысын төл өнерімізді жаңғыртудың жарқын жолы, екендігін тілге тиек ете келе, жиналған қауымды айтыскерлерге қолдау көрсетуге шақырды.
            Сөз өнерінің інжу-мар­жанын ұтымды жеткізе білген ақындар өнерін Қазақ еліне танымал ақын ағамыз Нұрлан Кішікбаев, жастар арасында кеңінен танылған жас ақын Нұрбек Бекұлы,  өзінің бұлбұл дауысымен барша қазақ жұртын тамсандыра білген ерекше қонақ Ақыл Алдаберген, филолог доцент Есхан Бейбіт, GGWay ағылшын тілін оқыту орталығының Мұхтар Елжан  сияқты қазылар алқасы бағалады.  Ал аламан сайыстың бас бәйгесін  халықаралық коммуникация факультетінің 1-ші курс студенті Куандықова Әсел жеңіп алды, 2 орын  Молдагали Жайна, ал 3 орын - Төкенов Ерасылға бұйырды. Сонымен қатар ақындар сайысына қатысқан барлық жас ақындар арнайы сыйлықтармен марапаталды. Кеш соңында елімізге танымал ақын ағамыз Нұрлан Кішікбаев сөз сөйлеп, кешті қорытындылады. 
Жас ақындар ұйымдастырушыларға Ауғанбаев Ердаулет, Қарашев Әсет және  «Шабыт» жас ақындар клубына алғыстарын білдірді.

Печать