«Қазіргі қоғамдық ғылымдағы жаңа замандық методологиялық мәселелер» тақырыбында теория- методологиялық семинар өтті.

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде 6 наурыз күні, сағат 15-00 де, 108 аудиторияда жалпы университеттік «Қазіргі қоғамдық ғылымдағы жаңа замандық методологиялық мәселелер» тақырыбында жоғарғы оқу орнынан кейінгі кафедраның ұйымдастыруымен теория- методологиялық семинар өтті. Кафедраның профессоры, ф.ғ.д., Булекбаев С. Б.  өзінің баяндамасымен шығып, қазіргі қоғамдық ғылымдағы методологиялық мәселелерді  көтерудің маңыздылығын айқындап, ортақ талқыға салды. Қазіргі таңдағы экономика, саясат және мәдениет салаларындағы универсалды теория мен дәстүрлі жүйелерді түсіндіру қиынға түсуде.

Осы арқылы бұл мәселе  комплексті, пәнаралық зерттеуді қажет етеді. Семинарға қатысуға магистранттар мен докторанттар, Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарынан ғалымдар шақырылды. Дөңгелек үстелде тақырыпты талқылауға атақты ғалымдар экономист Жанатаев Т, әлеуметтанушы Айтымбет И., заңгер Айтхожин К., философтар  Раев Д. пен  Амребаев А., филолог ғалымдар Рысалды К., Жанабаев К. және тағы да басқалары атсалысты. Қорытындылау барысында осындай методологиялық семинарлардың өтілуінің маңыздылығын атап, ауқымды кездесулерді жиі өткізу туралы айтылды.

Печать E-mail

универсиада замена