Орталық ғылыми кітапханасында экскурсия

1-сәуір күні Шығыстану факультеті араб тілі бөлімінің студенттері  Аманжол Салтанат Тайжанқызының ұйымдастыруымен  «Ғылым ордасы» РМК ­­ Орталық ғылыми кітапханасына экскурсия жасады. Экскурсия барысында кітапхананың құрылуы, бөлімдерінің ашылуы, кітапхана жұмысының негізгі бағыттары жайында көптеген ақпараттар алды және бірнеше бөлімдермен танысты.  

            Сирек кездесетін кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиет бөлімінің бастығы Г.М.Әбікова шағатай, осман, араб, парсы тілдерінде жазылған сирек кездесетін кейбір кітаптармен, қолжазбалармен,  сондай-ақ араб әріптерімен (төте жазумен) жазылған қазақ ақын-жазушыларының кейбір қолжазбаларымен таныстырды. Араб тіліндегі сирек кітаптарды, құжаттарды, қолжазбаларды және басқа да деректемелерді сандық түрге көшіруде араб тілін білетін мамандардың тапшылығын да атап өтті. Бұл студенттердің өз мамандығына деген қызығушылығын арттыра түсті.

Печать