Флешмоб: Біз жемқорлыққа қарсымыз!

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де 4-сәуір күні жастар арасында  коррупцияға қарсы көзқарас қалыптастыру мақсатында «Жастар жемқорлыққа қарсы!»  деген тақыпқа флэшмоб ұйымдастырылды. Студент жастар «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» деген ұранмен акцияға ат салысты. Акцияның негізгі мақсаты – жемқорлықтың алдын алу, жемқорлықпен күрес мәдениетін және жемқорлыққа «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру.

Сонымен қатар студент жастар арасында азаматтық позициясын білдіру, жемқорлыққа және құқық бұзушылыққа бей-жай қарамау секілді қасиеттерді жетілдіру де аталған шараның басты мақсаттарының бірі болды. Мемлекеттік болашағы жастардың қолында, сондықтан жастар белсенді әрі ұйымдасқан түрде жемқорлықпен күресулері қажет. Жемқорлыққа жол жоқ!

Печать