Латын әліпбиіне өтудің қажеттілігі мен маңыздылығы: зерттеу және тәжірибе» тақырыбындағы дәріс курстары

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университеті Қазақ филологиясы кафедрасы жанындағы «Мемлекеттік тілді дамыту орталығының» жұмыс жоспарына сәйкес 2018 жылдың қараша айы мен 2019 жылдың наурыз айының аралығында «Латынша әліпбиге көшудің қажеттілігі мен маңызы: ізденістер мен тәжірибелер, саралау мен таңдау» атты дәрістер топтамасы жүргізілді.

Осы топтама аясында латын графикасын қалыптастыруда белсене атсалысып жүрген белгілі ғалымдар филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Қ.Қалиев «Қазақ жазуын кирилшеден латын негізді әліпбиге көшірудің қажеттілігі және оның мақсаты мен міндеттері» тақырыбында, филология ғылымдарының докторы, профессор О.Жұбаева «Орфография (емле) мәселелері. Жобалық емле ережелері. Жаңа әліпбимен жазу кезіндегі қиындықтар» тақырыбында, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Т.Қ.Зайсанбаев «Қазақ тілінің кирилшеге негізделген әліпбиі. Оның қазақ өркениетіндегі орны мен рөлі», филология ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Ж.Исхан  «Қазақ жазуының тарихы. А. Байтұрсынұлы – ұлттық жазудың негізін қалаушы», филология ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Қапалбекұлы «Қазақ тілінің 2017 жылы 19 ақпанда бекітілген латынша жаңа әліпбиі. Өзіндік сипаты»  секілді тақырыптарда дәріс оқыды.

 

Печать