Академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыру

5 сәуір күні Шығыстану факультетінің кітапханасында Таяу Шығыс аймағының тілдер және аударма кафедрасы Кастамону университетінің проректоры, профессор, доктор Али Рафет Өзканмен кездесу ұйымдастырды. Кездесуге факультет деканы Дәуен Д.Б., кафедра меңгерушісі Әли Б.Қ., оқытушылар  мен студенттер қатысты. Кездесудің мақсаты академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыру.

Студенттер профессорды қызығушылықпен тыңдап, өз сұрақтарын қойды. Профессор да студенттерді қызықтыратын сұрақтарға жауап берді. Кездесу нәтижесінде студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасының жүзеге асырылуы  және Кастамону университеті ұсынатын мүмкіндіктер туралы мәлімет алды. Кездесуде түрлі сұрақтар қарастырылды.

Печать