"My perfect Korea travel plan" байқауы

2019 жылы 13 сәуірде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Шығыстану факультетінде Кореяның Ұлттық туристік ұйымы ұйымдастырған "My perfect Korea travel plan" байқауының ақтық сайысы өтті. Байқауға көптеген қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері қатысып, финалға  Назарбаев Университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) және Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенттері өтті. Байқаудың финалында Шығыстану факультетінің 4 курс студенті  Нарекеш Арнұр Әбутәліпұлы және шет тілдері педагогикалық факультетінің 1 курс студенті Баймұхан Балауса Жанарысқызының жобасы сөзсіз жеңіске жетті.

  «5В020900-Шығыстану» мамандығының студенті, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысатын оқу үздігі Нарекеш Арнұр финалда "Корея Республикасының ұлттық қаһарманы, Теңіз командирі, адмирал Ли Сун-Синнің өмір жолы бойынша Корея Республикасына саяхат" презентациясын ұсынды. Сондай-ақ, «5В020900-шығыстану» мамандығының 1 курс студенті Винникова Валерияның «Оңтүстік Кореяның дәмін іздеуде» атты шығармашылық еңбегі өз деңгейінде ұсынылып, құрметті төртінші орынға ие болды.

Студенттерімізді лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!

Печать