«Араб тілінен ілеспе аудармашыларды университеттік деңгейде дайындаудың кейбір мәселелері»

Когнитивті байланыстардың ғылыми орталығының шақыруы бойынша профессор Есенжан Дина Әнесқызы Сауд Арабиясы Корольдігінің астанасы Эр-Рияд қаласында ғылыми сапармен болып қайтты. Онда Азия арабистерінің  Бірінші Конференциясы 2019 жылдың  9-нан 11.04.дейінгі аралықта  өтті. Проф. Д.Есенжан араб тілінде «Араб тілінен ілеспе аудармашыларды   университеттік деңгейде дайындаудың  кейбір мәселелері»  атты ғылыми баяндама жасады. Конференцияға Жапония, Үндістан, Малайзия, Корея, Қытай және т.б. 20 елден 100-ден астам ғалымдар  қатысты.  Әлем ғалымдары арабтанудың келелі мәселелерін және оның  даму жолдарын ғаламдық деңгейде талқылады.

Печать E-mail

универсиада замена