«Mister InYaz – 2019»

Қазақ халқында «жігітке жеті өнер де аз» деген өнегелі сөз бар. Ер азамат «сегіз қырлы, бір сырлы» болуы керек деп жігіттердің ақыл-парасатты, ер мінезді, өнерлі және көркем мінезді болуын айтады. 19 сәуір күні университетімізде «Mister InYaz –2019» байқауы өтті. Байқауға университетіміздің дарынды да  талапты 12 жігіті қатысып, бақ сынады.

Байқауға қатысқан жігіттер әзілден, ән мен биден және тапқырлық пен шешендіктен өнерлерін ортаға салды. Байқауды жүргізген Олжас Аделчанов өзінің әзілімен, әртістік шеберлігімен көрерменнің көзайымына айналды әрі кешті өте тартымды жүргізді. Байқауда бақ сынаған өнерпаз жігіттер ән салып, би билеп қана қоймай, басқа да өнерлерін жан-жақты көрсетті.

Әділқазылар алқасы жас өнерпаз жігіттердің таланты мен талабын әділ бағалады. Байқауда екінші орынды  Боранбеков Аслан есімді студент иеленді, бірінші орын Әлғожа Абзалға бұйырды, ал Абылай хан атындағы ҚХжӘТУ-і «Mister InYaz –2019» байқауының жеңімпазы – Медиев Абдрахим болды. Байқау жеңімпаздарын жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да сәттілік пен шығармашылық табыс тілейміз!

Печать E-mail

универсиада замена