Менеджмент және халықаралық коммуникациялар факультетінің студенттері Халықаралық «Сиреневый PRорыв. «Digital ұрпақ үшін digital PR!» студентік жобалар байқауында I және II орындарды иеленді.

«Қоғаммен байланыс» және «Журналистика» мамандықтарының студенттері 2019 ж. 26-сәуір күні «Тұран» университетінде ХVII Халықаралық Студенттік «Сиреневый PRорыв. «Digital ұрпақ үшін digital PR!» PR-конференциясының аясында өткен Халықаралық студенттік жобалар байқауынан жеңіспен оралды.

Жыл сайынғы байқау PR мамандығы студентерінің шығармашылық әлеуетін анықтау мен кәсіби деңгейін арттыру мақсатында өткізіледі.

Жұмыстар Қоғаммен байланыс бойынша Ұлттық Ассоциацияның (НАСО), Қазақстандық PR-шы Клубының мүшелерімен, қоғаммен байланыс мамандарымен бағаланды.

Байқауға әр түрлі жоо-дан 18 топ қатысты, екінші турға өз жобаларын екі секция бойынша:

- Digital PR

- PR-дағы әлеуметтік жауапкершілік

қорғаған 11 топ өтті.    

«Қоғаммен байланыс» және «Журналистика» мамандықтарының 1, 2, 3 курс студенттері с.ғ.к., доцент Турабекова Б.Б., Халықаралық коммуникациядар кафедрасының меңгерушісі Ким О.Я., әлеуметтік серіктес – ҚР Аэроғарыштық комитетінің «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ (Казкосмос) Президентінің Кеңесшісі Губерт А.А. жетекшілігімен жүлделі орындарды иеленді:

Секция № 1 «Digital PR»

I орын - Хасенова Елдана, Искакова Асель, Асетов Шахназар – «Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ имиджін қалыптастырудағы SMM» жобасы

II орын - Шалкар Аяулым, Хайбулина Альфия, Шинибекова Амина – «Еріктілер қозғалысы идеясын танытудағы SMM» жобасы

Секция № 2 «PR-дағы әлеуметтік жауапкершілік»

II орын - Ерофеева Алина, Кучерявая Алина – «Жастар арасында ғарыш ғылымын таныту» жобасы

Конференция демеушілері мен серіктестерінен № 3 арнайы секцияда біздің топтар сайысқа түсіп, PR мамандары жасақтаған арнайы тапсырманы орындап, шара демеушілерінен бағалы сыйлықтарды иеленді.

Студенттерімізді еңбегі сіңген жеңісімен құттықтаймыз!


5945916740715637896 IMG 7148

 

 

 

 

 

Печать