Қазақстан халықтарының фестивалі

Қазақстан – 130-дан астам ұлттар мен этностар тұратын көпұлтты мемлекет. 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мен ықтымағы мерекесі. Абылай хан атындағы ХҚжӘТУ-де қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, кәріс, қытайғ грузин, армян, тәжік, түркмен ұлтының өкілдері бар. Оқу орнында аталған ұлт өкілдері тату-тәтті, ынтымағы жарасқан бір отбасы секілді.

29 сәуір күні университетімізде ықтымақтастық пен халықтар достығы мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Университет алаңында шатырлар тігіліп, дастархан жайылып, ұлтық тағамдар мен ұлттық киімдер, ерекше салт-дәстүрлер таныстырылды. Университет ұжымы ән салып, биі билеп, келген жұртшылыққа мерекелік көңіл-күй сыйлады. Бірінші мамыр – біздің университетіміз үшін, шуақты, көңілді достық, татулық мерекесі. Университетіміздің белсенді студенттері баршаңызды 1 мамыр –ынтамақтастық, достық, бірлік мерекесімен құттықтайды! Қазақстанда түрлі ұлт өкілдері әрдайым тату-тәтті, ынтымақ-бірлікте өмір сүрген. Осы ынтымақ-бірлігіміз жалғаса берсін, біздің күшіміз – Бірлікте.

Печать