Ер есімі ел есінде

Ұлы Отан соғысы жылдарында жауынгерлердің көрсеткен ерліктері мен Отан үшін жан қиғандарын бүгінгі ұрпақ ешуақытта ұмытпайды. Бүгінгі ұрпақ оларды аса үлкен құрметпен еске алады және қастерлейді. Келешек ұрпаққа ҰОС ардагерлерінің ерліктері мен өнегесін үнемі айтып қана қоймай, жеңіс күні қарсаңында оларды мейлінше насихаттайды. Жеңіс мерексесі қарсаңында университет қызметкерлері мен студенттерінің  кәсіподақ комитеті ҰОТ соғысы ардагерлері мен олардың балаларының үйлеріне барып, Ұлы жеңіс меркесімен құттықтады.

Ардагерлер университет оқытушылары мен студенттерін жылы шыраймен қарсалды. Өздерінің ҰОС кезіндегі бастарынан өткен оқиғалары жайлы әңлімелерін айтты. Университет студенттері мен оқытушыларымен суретке түсіп, оларды көңілді шығарып салды. Ұлы Отан соғысында Отан үшін және жас ұрпақтың бақытты болашағы үшін қан майданда болған ардагерлерімізге шексіз АЛҒЫС білдіреміз және басымызды иеміз!!! Мереке құтты болсын!!!

Печать