«Көшпенділер» қалашығындағы демалыс

Алматыдан 90 шақырым  жерде  терең тарихы бар бірегей ғимарат бар екенін біреу білсе, біреу біле бермейді. Іле өзенінің сол жақ жағалауында ескі ғажайып құрылымдар бар, олардың сұлулығын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бұл архитектуралық құрылымдар жай ғимараттар емес. Бұл, шын мәнінде, кинотеатр мұражайы іспетті. ҚазХҚжӘТУ студенттері осы  керемет құрылымды көруге мүмкіндік алды.

Бұл шағын қалашық 2004 жылы «Көшпенділер» филмін түсіру мақсатында салынған екен. Орта ғасырдағы азия қалашығының нобайында салынған құрылым өте әдемі салынған. Бұл бекіністің керемет комбинациясы және қоршаған аймақтың табиғи сұлулығы әр адамға керемет шығыс хикаясындағыдай өзін сезінуге мүмкіндік берді және ұзақ уақыт есте қалатыны сөзсіз.  ҚазХҚжӘТУ студенттері  өте жақсы әсер алды әрі тамаша уақыт өткізді. Тарихи қалашықта студенттер 4 топқа бөлініп қойылым қойды. Әр топқа  фильмнен үзінді  ойнау тапсырылды. Костюмдерді ұйымдастырушылар ұсынды. Студенттер берілген тапсырманы юморлық және шығармашылық ізденіспен орындады. Студенттердің қойылымдарын   университет қызметкерлері мен оқытушыларынан құралған әділқазылар алқасы  бағалады.  Студенттер кәсіподақ комитеті барлық қатысушылар мен жеңімпаз командаларға сыйлықтар табыстады. Студенттер ән шырқады, би биледі, суретке түсті. Жалпы «Көшпенділер» қалашығындағы демалыс өте қызықты өтті. Студенттер алдағы сессияны тапсыру үшін күш жинап, тынығып қайтты.

Печать E-mail

универсиада замена