Студенттік үйірмелер кәсіпті меңгеруге, шығармашылық шыңдалуға жетелейді

           17 мамыр күні  Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде  «Рухани жаңғыру» бағдараламасын жүзеге асыру жөніндегі 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылып отырған «Jamboree» студенттік ғылыми үйірмелердің  І слеті  өтті.  Биылғы слеттің тақырыбы: «Студенттік ғылыми қауымдастық: өзекті проблемалары мен транформациялау жолдары» болды. Шараның мақсаты университет қабырғасында студенттік ғылыми үйірмелер қызметіндегі проблемалық аспектілерді талқылау, студенттік ғылыми бірлестік жұмыстарының жұмысын оңтайландырудың жаңа жолдарын іздестіру мақсатындағы пікір-алмасу платформасын ұсыну болды.

Шараның модераторы Еламан Музаппар «Ғылыми-инновациялық қызмет бөлімінің жетекші маманы, «Халықаралық қатынастар» магистрі.  Шарада студенттік ғылыми үйірмелері жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды.  Шара соңы баяндамашылармен панельді пікірталасқа ұласты. Қатысушыларға  Кумар Мусаев Кайдзен туралы түсінік беріп өтсе,  Джозеф Уильямс британиядағы студенттік үйірмелер жұмысын ұйымдастырудың ерекшелігімен, студенттерді үйірмеге қызықтыру жолдарымен таныстырды. Шараны қорытындылау, слет резолюциясын қабылдаумен аяқталды. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде  21 студенттік үйірмелер жұмыс жасайды. Аталған үйірмелерде студенттер мамандықтарына байланысты әртүрлі бағыттарда ғылыми-шығармашылық жұмыстар жасап, тың идеяларымен бөліседі. Студенттік үйірмелер жас мамандардың өз мамандықтары бойынша ғылыми-тәжірибелік білімдерін жетілдіріп, шыңдауға, өзара пікір алмасуға  көмектеседі.

Печать