Футбол – логикалық ойды қажет ететін ойын

5 маусымда Абылай хан университеттің спорт кешенінде кәсіподақ комитеті ұйымдастырған қызметкерлер мен оқытушылар арасында мини-футболдан жарыс өтті. Байқаудың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды патриотизмге тәрбиелеу болды. Ойын тартысты әрі қызық өтті. Барлық командаларға жарысқа қатысқаны үшін алғыс айтамыз. Футбол  тек аяққа арналған ойын емес, сонымен қатар логикалық ой тереңдігін, ұтқырлықты талап ететін ойын түрі екеніне көзіміз жетті.

Мұнда айла-тәсіл мен ептілік бірдей маңызды. Турнирге барлығы 5 команда қатысты. Ойынның барлық туры әділ әрі шынайы бағаланды.  Дене тәрбиесі кафедрасының ұжымы мен Экономика және құқық факультеті командасының  финалдық ойыны соңғы сәтке дейін қызықты болды. Бірінші орынды ең көп ұпаймен дене тәрбиесі кафедрасы алды. Жарыста  «Антивирус» тобы және  ӘҰБ, Экономика және құқық факультеті командалары да өте тартысты ойын көрсетті. Барлық қатысушылар мен жеңімпаздар медальдар мен сертификаттармен марапатталды. Бұл турнирді ұйымдастырған үшін кәсіподақ комитетіне және денетәрбиесі кафедрасына ағысымыз шексіз. Барлық қатысушыларға жазғы демалысты ойдағыдай өткізіп келесі оқу жылында осы спорт аренасында күтеміз!

Печать