Әскери кафедрада оқитын студенттер оқу-жаттығу жиынынан сәтті өтткізді.

          Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің әскери кафедрасында «Шет тілі» және «Әскери журналистика» мамандықтарында оқитын студенттермен оқу сессиясы сәтті өтті.

         Әскери кафедраның екінші курс студенттері оқу-жаттығу жиынына қатысып, осы мамандықтар бойынша әскери дайындықты аяқтады. Жиын барысында әскери кафедраның оқытушылары студенттермен әскери дайындық бойынша практикалық сабақтар өткізді.

         Бұл жинақ барысында студенттер әскери оқу орталығына барды, онда студенттер шатырлы лагерьде орналасып, әскери дайындықтың негіздерін практикада білді. Сонымен қатар, оқу орталығының атыс алаңында студенттер әскери қаруды сынау жаттығуларын орындады.

         Әскери-патриоттық жұмыстардың аясында Әскери-тарихи мұражайға, Құрлық әскерлерінің Әскери институтына экскурсия жасады, Абылай хан атындағы КазҚХМжӘТУ  түлегі генерал-майор Марденов Ж.Б. пен  кездесіп  сонымен қатар әскери спорттық фестиваль ұйымдастырды.

         Оқу-жаттығу жиынының соңғы кезеңі мамандық бойынша қорытынды емтихан болды. Осы емтихан барысында студенттер әскери кафедрада оқу кезінде алған білімдері мен дағдыларының барлығын іс жүзінде көрсетті.

DSC 02131

DSC 15941

DSC 19271

 

Печать