Сындарлы кездесу

     18.09.19 Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-нің студенттері «Атамекен» Үлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен кездесті. Кездесу мотивациялық сипатта өтті. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері «Жас Кәсіпкер» жаңа жастар бағдарламасын ұсынды және іскер сауаттылықтың артықшылығы туралы, 100 мың студенттер мен 29 жасқа дейінгі жастарға кәсіпкерлікті үйренуге, грант немесе пайдалы несие алып, жеке кәсіп ашуға болатындығы туралы айтты. Кездесуде «Атамекен» Үлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері жетістіктері туралы айтып сонымен қатар болашақ кәсіпкерлерге кеңестер берді.

Печать