Халықаралық қатынастар факуьтетінің студенттері G-Global қатысты

     2019 жылдың 19 қыркүйегінде, халықаралық қатынастар факультетінің екінші курс студенттері Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен "Тұрақты даму-2030 мақсаттарын жүзеге асырудағы университеттердің рөлі" атты бірінші пленарлық сессияға қатыстық.

     Оған ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов, Ұлыбританиядан QS Quacquarelli Symonds Ltd аға вице-президенті Бен Соутер, G-Global Халықаралық Хатшылығы басшысының бірінші орынбасары Мұрат Кәрімсақов, Францияның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартинэ, Жібек Жолы университеттері желісінің бас хатшысы Сунгдонг Хван, Венгрияның Сыртқы істер және сауда институтының аға кеңесшісі және аға ғылыми қызметкері Ласло Ваза, Польша цифрландыру және есептеу технологиясы институтының директоры Вальдемар Вуйцик сияқты лауазымды тұлғалар ат салысты.

     Бұл кездесудің студенттер үшін маңызы жоғары болды. Себебі, олар болашақ дипломаттар ретінде келген шетелдік қонақтармен тілдесу арқылы үлкен тәжірибе жинады.

Печать