Тебриз университетінің профессорымен кездесу

     2019 жылдың 19 қыркүйегінде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті шығыстану факультетінің студенттері Тебриз университетінің профессорымен кездесті. Арнайы шақыртумен келген профессор Әли Акбар Ансарин шығыстану факультетінің деканы Дәуен Д.Б. және парсы бөлімінің оқутышылары мен студенттерімен кездесті.

     Екінші оқу ғимаратының кітапханасында өткен іс-шарада профессор парсы тілін үйреніп жатқан студенттермен танысып, студенттердің парсы тілін қалай меңгеріп жатқанын, парсы тілін үйренудегі қиындықтарын сұрап, өзінің бұл тілді меңгерудегі тәжірибесімен бөлісті. Профессор ойымен бөлісе келе, парсы тілінің тарихы, оның тілдік ерекшелігі, жазба ескерткіштері, әдеби мұрасы жайлы да айтып өтті. Профессордың айтуы бойынша, Фердоуси, Ибн Сина, әл-Бируни, Рази және әл-Фараби секілді ғалымдар мен данышпандар парсы тілінде аса бағалы туындылар жазып қалдырғаны, көптеген адамдардың парсы тілін үйренуіндегі бірден бір себепшісі болды.

     Кездесу соңында факультет деканы Дәуен Д.Б., оқу ісі жөніндегі декан орынбасары Әтейбекова Н.Т. және парсы бөлімінің студенттері Тебриз университетінің профессоры Әли Акбар Ансаринге факультетке келіп, студенттердің тілді үйренудегі белсенділігін арттырудағы игі ойларымен бөліскені үшін алғыстарын білдірді.

Печать