Ой-Қарағайға саяхат

21.09.2019 ж. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Шығыстану факультетінің студенттері студенттік кеңестің  ұйымдастыруымен Ой-Қарағайға саяхаттап қайтты. Факультет жастарының әнмен шырқап бастаған саяхаты, табиғаттың тамаша тартуы - әсем жерлерді көрумен және қызықты ойындармен жалғасты. Факультетіміздің атынан ұйымдастырушы белсенді студенттерімізге алғыс білдіреміз!

Печать