Студенттер қатарына қабылдану

     Сонымен университетте оқу жылы басталды. Кеше әлі оқушы, бүгін студент атанды. Әр күзде толқып жатқан бірінші курс студенттері осы мерекені күтуде. Олар, 1-курс студенттері, соншалықты әр түрлі, бірақ оларлды бір ғана сөз біріктіреді – студент. Алайда, әр бірінші курс студенті «студенттер қатарына кабылдану» рәсімінен өту арқылы шынайы студент бола алатынын біледі. 26 қыркүйекте университеттің бас аллеясында «студенттер қатарына қабылдау» кешіне Абылай хан атындағы ҚахХҚжӘТУ-нің бірінші курс студенттері қатысты. Студенттерді қабылдау - салтанатты шара, сондықтан біз оған алдын-ала және мұқият дайындалдық. Ұйымдастырушылар іс-шараның дизайнына мән беріп, мереке атмосферасын құрды және студенттік рухты орнатты.

     Әрбір оқу орны бұл шараның өзіндік ерекшеліктеріне ие. Біздің университетімізде бұл дәстүрге сәйкес ең үздік бірінші курс студенттерін мерекелік шеру, университет туы еніп, университет басшылығының құттықтауымен қатар студенттердің оқу және студенттік өмірдегі жетістіктерін білдіретін символдық студенттер кітапшалары беріледі. Іс-шараның салтанатты бөлігі көкке түрлі-түсті шарлар жіберумен аяқталды. Көрермендер сахнадағы студенттерді қолдап жақсы атмосфера жасады. Сахнада бірінші рет шығып дүйім жұрттың алдында сөз сөйлеу қиын екенін әр көрермен біле бермейді!

Ал кеш дәстүрлі концерттік бағдарламамен жалғасты, онда әндер, билер мен әзілдер айтылды.

Жоғары курс студенттердің басты міндеті - студенттерге бастама күнін ерекше және есте қаларлықтай ету. Ал осы сәт дәл бүгін, жарқын, көңілді және әсерлі болды.

Бұл іс-шара біздің бірінші курс студенттеріне ұнады деп сенеміз.

     Университет - бұл келешегі зор және қызықты таныстар, достар және жаңа таланттар ашылатын керемет орын. Студенттік жылдар - бұл барлық адам өмір бойы есінде қалатын «алтын жылдар» деп айтқаны таңқаларлық емес!

Студент қатарына сізді қалай қабылдады? Есіңізде ме?

Печать