Аймақтанушылар Нұр-Сұлтанда өткен БҰҰ Моделіне қатысты

Жаңа 2019-2020 оқу жылы енді ғана басталғанымен, аймақтанушыларымыз сапар үстінде.28 қыркүйек 2019 ж. Малиқайдаров Ерғали, Касенова Динара, Бисембеева Асель 5В050500 - «Аймақтану» мамандығы бойынша ХҚФ-ның 3 және 4 курс студенттері Нұр- Сұлтан қаласында өткен «II Халықаралық Орталық Азия Біріккен Ұлттар Ұйымының Моделіне» қатысты.

Аталмыш іс-шара Назарбаев орталығында өтті және ол Қазақстандағы Жастар жылына арналды. Мақсат - жастарды әлемдік қауымдастықтың жаһандық мәселелерін шешуге тарту. Біздің студенттермен қатар Әзірбайжан, Қытай, Үндістан, Қырғызстан, Ресей, Пәкістан, Ауғанстан және Өзбекстаннан делегаттар қатысты.

Біздің аймақтанушыларымыз конференцияға қатысудың үлкен пайдасын атап өтті, олардың арқасында болашақ сарапшы-аналитиктер ретінде ораторлық және аналитикалық қасиеттерін дамыта алды. Конференция нәтижесінде студенттерімізге аса көрнекті спикерлер ретінде дипломдар мен мақтау грамоталары табысталды.

Печать