Келешек аймақтанушы Өзбекстандағы форумда

2019 жылдың 27-30 қыркүйек аралығында халықаралық қатынастар факультетінің аймақтану мамандығының 3-курс студенті Жанысова Камила Өзбекстан Республикасы, Ташкент қ., Өзбекстан ұлттық университетінде өткен «International Union V» жыл сайынғы жастар форумына қатысты. Форумда БҰҰ, Еуропалық Одақ, ШЫҰ және Өзбекстан Парламентінің модельдері өткізілді. Сондай-ақ форум аясында бизнес-тренинг, мәдени кеш және дипломатиялық кеш өтті.

Өзбекстан, Тәжікстан, Франция, Ауғанстан делегацияларымен бірге Камила да қазіргі заманғы экономикалық және әлеуметтік мәселелерді талқылады және оларды шешу бойынша идеялармен бөлісті. Жабылу салтанатында Камилаға аса белсенді қатысушы ретінде сөз сөйлеу құрметі берілді. Бұл Камила үшін қызықты мәдени алмасу болды. Мол тәжірибе жинап, ұсыныс хат пен сертификатқа ие болды.

Печать