Мұғалімдер күні

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы

 

 

Мұғалім мамандығы әрқашан өте маңызды және құрметті болып саналады. Ұстаз - балалар мен ересектерге қажетті білім беріп қана қоймай, сонымен бірге болашақ тұлғаның қалыптасуына әсер ететін маңызды тәрбие жұмыстарын да жүргізеді. Сондықтан, ұстаздар күні көптеген адамдар үшін кәсіби мереке ғана емес, бұл күнтізбенің қызыл күні болып есептеледі. Сонымен қатар ұстаздарға құрмет көрсетіп, адал еңбектері  үшін тағы да алғыс айту мүмкіндігі.

Ұстаздар күнінің тарихын айта кетсек, Қазақстан заңнамасында бул мерекенін бірнеше түрі сипатталған.  Қазақстанда Ұстаздар күні 1965 жылы қабылданып, заң деңгейінде белгіленген. Содан кейін, 29 қыркүйекте КСРО Жоғарғы Кеңесі, Президиум атынан, ұстаздар өздерінің кәсіби күндерін күздің екінші айының бірінші жексенбісінде, яғни қазан айында атап өту туралы шешім қабылдады. Қазақстан Республикасынан басқа ұстаздар мерекесін Украина, Беларусь, Қырғызстан және Латвия қазан айының басында атап өтеді.

Ұстаз-кәсібі мәңгілік, өйткені олар қауымға жақсылық, даналық және мейірімділік таратады.

Құрметті ұстаздар, сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтап, еңбектеріңіз үшін алғыс айтамыз!!!

Печать