Бұл тек бастамасы...немесе жаңа оқу жылдың алғашқы демалысы!

             Демалыстарын табиғатта өткізуді ұнатпайтын адам жоқ шығар. Егер достарыңмен демалуға  мүмкіндік бар болса, онда бұл ТАМАША! 6 қазан күні осындай мүмкіндіүті Абылай хан атйндағы университеттің белсенді студенттері 1-курс студенттеріне сыйлады.

             Демалысты сол күні Есік көліне шамамен 400 адамға ұйымдастырды. Сценарий бүкіл күнге жоспарланған болатын. Әр автобустың жолаушылары (студенттер) топқа бөлініп, әйгілі қалалардың өкілі болуға бір сәттке мүмкіндік алды: Нью-Йорк, Стамбул, Мадрид, Барселона, Париж және т.б. Демалатын орнына жеткенде, біздің алдымызда таулардан пайда болған тостағанның біртектес түсімен таңқалдырған әсем көлдің панорамасы ашылды. Ұйымдастырушылар студенттерге ауаның тазалығын сезінуге, күздің жарқын түстерінің ләззат алуына және әр түрлі жағынан сансыз суретке түсуге уақыт берді. Қалған уақытта студенттер жақсы ойын-сауықпен айналысты: ойындар, жарыстар, тимбилдинг. Біздің бірінші курс студенттерінің арасында жасырын таланттар қанша екенін көрдік!!!! Бәрі ескерілді))). Барлығы қатысты, жеңімпаздарды сыйлықтар күтті (ұйымдастырушылар ұсынды). Белсенді студенттер жыл сайын мұндай сапарларды әдемі жерлерді көрсетіп, бір-бірімен танысу мақсатында ғана емес, сонымен қатар сапардан кейін біртұтас команда ретінде сезіну мақсатында ұйымдастырады.

            Ең бастысы, демалу барлығына ұнады, демалу кезінде алған әсерлер ұзақ уақыт  адам бойына сақтайды. Ұйымдастырушыларға керемет сапар үшін рахмет және келесі сапарды  Абйлай хан атындағы университеттің студенттері асыға күтеді.

Печать