Абылай хан атындағы ҚазақХҚжәнеӘТУ-де Mахатма Гандиді еске алу күні өтті

     11 қазан 2019 жылы Абылай хан атындағы ҚазақХҚжәнеӘТУ Халықаралық қатынастар факультетінің ұйымдастыруымен БҰҰ Жаһандық Коммуникация Департаментінің өкілі – Властимил Самек және Алматы қаласындағы Үндістан өкілдігінің Бас консулы Шри Мартинмен кездесу өтті.

     Кездесу тақырыбы Махатма Гандидің 150 жылдығына арналды. Проректор Саханова А.Н., ХҚФ оқытушылары мен студенттері өз баяндамаларында Махатма Ганди тұжырымдарының рөлі мен маңыздылығын сипаттады. Атап айтқанда, "Аймақтану" және "Шығыстану" мамандықтарының студенттері Махатма Гандидің цитаталарын әлемнің жеті тілінде айтып, халықаралық қатынастардың заманауи үрдістерімен өзара байланыстырды.

     В.Самек аталмыш кездесудің ерекшелігін атап өтіп, студенттердің Махатма Гандидің еңбектеріне деген қызығушылығына тәнті болды. Өз кезегінде, Шри Мартин мырза біздің университетімізге Махатма Гандидің еске алу күніне шақырғаны үшін дән ризашылығын білдіріп алғысын айтты.

Печать