Испаниядан келген профессордың дәрісі

     2019 жылдың 11 қазан күні Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінің халықаралық қатынастар факультетінің студенттері SanPablo (Испания) университетінің профессорымен кездесті. Профессор Антонио Алонсо Маркос «Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы жаңа стратегиясы: мәселелер мен мүмкіндіктер» тақырыбында дәріс оқыды. Студенттер үлкен қызығушылықпен тыңдады, соңында олар өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Дәріс жоғары кәсіби деңгейде өтті және студенттердің білімін арттыруда маңызды болды.

Печать