Үлкендерге құрмет

     Біздің елде көптеген мерекелермен қатар, көптеген адамдар үшін керекті және жағымды мереке - күзгі алтын маусымда атап өтілетін қарттар күні енгізілді. Осы күні барлық құрмет, мейірім, барлық  қарт адамдарға назар аударылады.  Дана адамдардың жасы көбінесе «өмірдің күзі» деп аталады.

     Жылдың әр маусымы өзіндік әдемі болғандықтан, біздің өміріміздің ерекше «жас кезеңдері» де бар. Бұл адамдар бүкіл өмірін еңбекке арнап, балаларды тәрбиелеп, жастарға эстафетаны тапсырып, бастаған жұмыстарын жалғастырады. Осы қымбатты жандар үшін университеттің кәсіподақ комитеті мерекелік дастархан жайып керемет кездесу  ұйымдастырды. Біздің құрметті қарт адамдарымызға көптеген жылы сөздер айтылды. Ақкөңіл әндерді  бәрі бірге шырқап, би билеп жас кезеңдерін  еске алуды жөн көрді. Олардың өмірі соншалықты қуанышты болмағанымен, олар жылулық, мейірімділікке толы шыдамдылықты сақтады. Жасаған істері үшін қарттарға ризашылығымызды білдіреміз. Өміріңіздің күзі ұзақ болсын. Сіздердің маңдайыңыздағы әжімдер - олар басқалардың жүрегін жылытып тұрған сәулелер сияқты. Мереке құтты болсын, біздің құрметті дана қарттарымыз және сіздерге барлық жақсылықтарды тілейміз.

Печать