АБАЙ-ДАНА, АБАЙ-ДАРА ҚАЗАҚТА (әдеби-музыкалық кеш)

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде Қазақ филологиясы кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен  Шығыстану факультетінде 1 курс студенттері арасында ҚР Тілдері күніне  және  А.Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай-дана, Абай-дара қазақта» атты әдеби-музыкалық кеш болып өтті.

Кешті араб тілі бөлімінің 1 – курс студенттері Жаппар Аяжан, Абдулла   Арайлым жүргізіп отырды.

Тағылымды тәрбие мен өрісті білімнің іргелі ордасы атанған университетіміз ұзақ жылдар мерзімінде Қазақстанда шет тілінен білікті аудармашылармен қатар педагогикалық кадрлар дайындауға сүбелі үлес қосып келе жатқан білім ордасы. Университетте білім беру мен отаншылдық тәрбие қатар берілуде. Шығыстану факультеті студенттері  кешке белсене араласты. Тұңғыш президент  Н. Ә. Назарбаевтың  «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»,- деген сөзін айта отырып, студенттер Ұлы ақын Абай өлеңдерін нақышына келтіре, мәнерлеп оқыды. Ағылшын, неміс, француз, орыс, қытай, түрік, кәріс, жапон, араб тілдерінде оқып жатқан студенттеріміз  осы тілдерде ұлы ақын өлеңдерінен тамаша композиция орындады.

Муталипова Мадина «Желсіз түнде жарық ай» әнін ана тілінде орындады. Шығыстану факультетінің талантты студенттері  Цой Милана, Байбекова Армина, Қапар Диана, Ерғожаева Ұлжан «Көзімнің қарасы»  әнін қытай, кәріс тілдерінде орындады.

Сондай-ақ кәріс тілі бөлімінде оқитын Ибрагимова Назира ақынның «Желсіз түнде тау қалғып» әнін кәріс тілінде тамылжыта орындады.

Кеш бойы студенттер ақынның лирикалық өлеңдерін, қара сөздерін  оқып, әндерін шырқады. Әбдікерім Әлішер,  Дүйсенбек Әрсеннің ақын өмірінен қойған көрінісіндегі актерлік шеберлігіне  оқытушылар мен студенттер дән риза болды.

ҚР Тілдері күніне  және Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған  «Абай-дара, Абай-дана қазақта» атты әдеби-музыкалық шара көптің көңілінен шыққан, студенттерге мол тағылым берген  кеш болды.

                                      Қазақ филологиясы кафедрасы ұжымы

Печать