Абылай ханның қазақ мемлекеттігін нығайтудағы қайраткерлігі

Абылай хан атындағы ҚХҚжӘТУ Халықаралық қатынастар факультеті, Қазіргі заманға Қазақстан тарихы және дүниетанымдық пәндер кафедрасы 2019 жылы 30 қазан күні «Абылай ханның қазақ мемлекеттілігін нығайтқан қайраткер ретінде қоғамдық сананы жаңғырту жағдайындағы тарихи рөлі» тақырыбында конференция өткізді. Конференция барысында қоғамдық сананы жаңғыртудың өзекті мәселелері мен Абылай ханның қазақ мемлекеттігін нығайтудағы қайраткерлігі мен тарихи рөлі сондай-ақ Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асырудағы қазіргі білім беру тенденциялары қарастырылды.  Конференцияның мақсаты Қазақстандағы қоғамдық сананы жаңғыртудың өзекті мәселелері мен Абылай ханның ұлттық тарихтағы рөлін кең көлемде насихаттау болды.

Конференция жұмысының негізгі тақырыптық бағыттары:

  • Абылай хан: тәуелсіздік және бірлік символы
  • Ұлттық бірегейлікті қалыптастыру және жаңғырту: өткені және болашағы
  • Абылай ханның тарихи тағлымы: ішкі және сыртқы саясаты
  • Қазақ хандығы және оның дипломатиясы
  • Абылай ханның тарихи бейнесі және қазіргі кездегі қабылдауы
  • Абылай хан тұсындағы қазақ мемлекеттілігінің әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы.

Конференцияға ғылыми-зерттеу институттарының зерттеушілері, университет профессорлары, докторанттар, магистранттар, студенттер және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.

Печать