«Шексіз шеберлік»

2019 жылдың 30-шы қазанында Халықаралық Туризм менеджменті кафедрасы "Рухани Жанғыру" орталығының  басшысы Б.Е Сержановтың қолдауымен "Шексіз шеберлік" атты көркем көрме-конкурсын өткізді. Көрмеге Туризм, Мейрамхана Ісі және Қонақ Үй бизнесі, Журналистика, Қоғаммен байланыс мамандықтарының 1 және 4 курс студенттері, сондай-ақ Халықаралық Туризм менеджменті және Халықаралық коммуникация кафедрасының оқытушылары қатысты. Қатысушылар орындалған жұмыстарын пейзаж, натюрморт, тұрмыстық композиция, реалистік бейнелер және абстрактілі мотивтер сияқты түрлі жанрларда; маймен кескіндеу, акварель, гуашь, фотосурет, көлемді аппликация, бисер өру, пэчворк, құрастыру, квиллинг сынды түрлі техникаларда ұсынды.

Көрме 1 оқу ғимаратының алдындағы орталық аллеяда өтті. Жылы ауа райы мен аллеяның сұлулығы іс-шараның мерекелік атмосферада өтуіне ықпалын тигізді.

Көптеген жұмыстар идеяларының бірегейлігімен, креативтілігімен, мағыналығымен, шеберліктің жоғары деңгейімен ерекшеленді. Көрермендер – студенттер, оқытушылар, университет қызметкерлері – барлығы жоғарыда аталған критерийлер бойынша экспонаттарға дауыс беру арқылы бағалауға мүмкіндік алды.

Көрменің мақсаты – талантты студенттерді анықтау және қолдау, жастардың шығармашылыққа, өнерге және мәдениетке деген қызығушылығын ояту.

Көрме «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасы аясында, атап айтқанда, мақсаты қазақстандықтардың рухани құндылықтарын жаңғырту болып табылатын, "Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет" бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. 

Көрменің ұйымдастырушылары: Халықаралық Туризм Менеджменті кафедрасының оқытушылары Бейсенова Г. К. және Сисенбаева А. С., "Рухани Жанғыру" орталығының жетекші маманы Сержанов Б. Е., суретші Абдрахманов Н. Е. қолдау көрсетті.

Печать