Халықаралық ғылым және бейбітшілік апталығы

Халықаралық ғылым және бейбітшілік апталығы аясында 6 қараша 2019 жылы Халықаралық қатынастар факультетінде дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оған БҰҰ Ғаламдық коммуникация департаментінің өкілі - Властимил Самек, ХҚФ деканы З. Д. Шайморданова, ХҚФ 2, 3, 4 курс студенттері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында ғылымның дамуы бейбітшілікті орнату жолындағы мәселелері қозғалды. Атап айтқанда, 3 курс студенті "Аймақтану" мамандығы бойынша Адактилос Я. өзінің "Cybersecurity must be instrument of Peace" атты ғылыми жобасын баяндады, ХҚФ деканның орынбасары Исалиева А. М. халықаралық қатынастар саласындағы жасанды интеллектінің мүмкіндіктері мен қауіптері туралы айтты, Жуанышбеков А.- Нобель лауреаттарының бейбітшілікті орнатуға қосқан үлестері туралы айтты, Әкімбек Д. өз сөзінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі арқылы әлемдегі қауіпсіздік мәселелерін шешудің өз нұсқасын ұсынды,  Абдухакимова М. зерттеушілердің ынтымақтастығы әлемге қалай ықпал ететіні туралы айтты және Ақылбаева Э. ғылымның дамуы бейбітшілікті орантудағы маңыздылығын атап өтті.

Спикерлердің баяндамалары барлық қатысушылардың қызығушылығын тудырып, қызу талқыланды.

Печать