ХҚФ студенті Мәскеуде

25 қазан 2019 жылы Халықаралық қатынастар факультетінің 2 курс студенті Янцен Эрика студенттік отрядтардың Бүкілресейлік жиынына қатысты.

Қазақстандық делегацияның басқа да қатысушыларымен бірге ол осы іс-шарадан үлкен әсер алды. Осыған байланысты Қазақстанда студенттік отрядтарды қайта жандандыру жұмысына өз үлесін қосқысы келді. Келесі күні, "Жастар KZ" қорының президенті - Бақыт Әбілхайырұлы Жаңабаев, аталмыш идеяны қолдаған, Ресей Федерациясындағы Елшіміз - Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов мырзамен кездесу ұйымдастырды.

"Қазақстандағы Студенттік Отрядтар" атты жаһандық жобаны бастауда сәттілік және табыс тілейміз!

Печать