Халықаралық қатынастар факультетінің студенті Пәкістанда

27 қазан - 3 қараша 2019 жылы біздің факультетіміздің 2 курс студенті Байрамов Рустем Пәкістанда өткен Халықаралық студенттер апталығына қатысып келді.

Аталмыш іс-шараға қатысу арқылы біздің Рүстем болашақ әріптестерімен танысып, дипломаттармен пікір алмасу арқылы жаңа идеяларға бөленді. Бұл іс-шараға әлемнің 120 елінен студенттер келді, өте қызықты жаһандық тақырыптарды талқыланды.

Сонымен қатар, Рүстем қатысушылардың мәдениетімен, нормаларымен және түрлі көзқарастарымен танысып шабыттанды. Конференция тақырыбы "Қабылдаудан тыс әртүрлілік" болды. Қатысушылар қабылдаумен байланысты туындайтын мәселелерді талқылады және бұл түрлі елдерден адамдардың реакциясына қалай әсер ететінін талқылады.

Сонымен қатар, Рүстемге ұмытылмас әсер сыйлаған интерактивті сабақтар, мәдени кештер өткізілді.

Печать