Қазақ радиосы Алматы филиалының бас редакторымен кездесу

08.10.19 университетіміздің "Менеджмент және халықаралық коммуникация" факультетінің "Халықаралық коммуникация" кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақ радиосы Алматы филиалының Бас редакторы, белгілі радио журналист Бақыт Жағыпарұлы Құтпанбаевпен кездесу өтті. Кеш қонағы өзінің журналистика саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Жүргізуші-модератор, аға оқытушы Жылбек Керімбек кездесу қызықты өту үшін студенттермен интерактивті байланыс орнатты. Оларға осы кеш жайында тез арада әлеуметтік желілерде ақпарат тарату жөнінде тапсырма берді.

Онда ақпаратты берудің түрлі тәсілдерін түсіндірді. Жиынға қатысқан кафедраның аға оқытушысы Әйгерім Нұршахиевна Жабаева да өз пікірін ортаға салып, тәжірибесімен алмасты. Жиын соңында студенттер қонақпен естелік суретке түсті.

Печать