«Жоғары білім беру сапасы мәдениетінің тиімді тәжірибесін дамыту: бенчмаркинг және резервтерді іздеу» VI Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

12-13 қарашада Абылай хан атындағы ҚХҚжӘТУ-де «Жоғары білім беру сапасы мәдениетінің тиімді тәжірибесін дамыту: бенчмаркинг және резервтерді іздеу» - атты ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияға жоба қатысушылары қатысты: «EDUQAS - университеттерде бизнес-мемлекет ынтымақтастығы арқылы білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесін еңгізу», жақын және алыс шетелдің 21 елінің өкілдері: Экономика ғ.д. - Байба ЖАВРИА (Латвия), м.ғ.д., профессор - Ирина Золотарева (Украина), қауымдастырылған профессор - Анка Бандой (Румыния), сапа кепілдігінің аға сарапшысы - Леннарт Стехле (Швеция, Стокгольм), PhD - Катерина Трима (Украина) және тағы басқалар.

Конференцияда сөз сөйлеген шетелдік ғалымдардың қатарында «Қазақстанның жетекші университеттеріне шетелдік ғалымдар мен кеңесшілерді тарту» бағдарламасы аясында Фрайбург университетінің (Германия) профессоры - Рейнхард Хессе де бар. Конференцияның басты мақсаты - білім сапасын қамтамасыз ету саласындағы өзекті мәселелерді, Қазақстандағы жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудегі тәуелсіз аккредиттеудің рөлін талқылау болды.

Печать