Тұрақты даму мақсаттар (ТДМ) бойынша алғашқы аймақтық саммит

Абылай хан атындағы ҚазақХҚжәнеӘТУ мен Алматы қаласындағы БҰҰ-ның Өкілдігі арасындағы ынтымақтастық туралы келісімі аясында, 2019 жылдың 16 қарашасында ХҚФ студенттері (Айидам Туйгунова, Камила Сейдазимова, Аяулым Теміржан) және декан орынбасары А. М. Исалиеваға Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру үшін қаржы құралдарын жұмылдыру ТДМ бойынша алғашқы аймақтық саммитке делегат ретінде қатысу мүмкіндігі бұйырды.  Саммит Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен Азия Даму Банкі және Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының ұйымдастырумен жоғары деңгейде өтті.

Аталмыш іс-шара БҰҰ-ның Алматы қаласындағы Өкілдігінде өтті.

Саммиттің барысында энергетика, су және климаттың өзгеруіне байланысты мәселелерді терең зерттеуге бағытталған сессиялар қамтыды.

Саммитке Орталық Азияның аймақтық экологиялық орталығының мамандары, Дүниежүзілік Банктің, ЕҚДБ-ның өкілдері ТДМ-ға қол жеткізу үшін қаржыландыру көздерін іздеуге бағытталған интеграцияның аймақтық аспектілерін талқылау үшін, сондай-ақ олқылықтарды анықтау және өзара тиімді шешімдерді ұсыну үшін жиналды.

Осындай аса жоғары деңгейдегі шараға қатысу мүмкіндігі үшін шын жүректен алғыс білдіре отырып, студенттер керемет әсерге бөленіп, өз тарапынан ТДМ жүзеге  асыру үшін өз үлестерін қосуға даяр екенін баяндайды.

Печать