Халықаралық қатынастар факультеті студенттерінің ТДМ жүзеге асырылуына үлес қосу әрекеттері

2019 жылы 18 қарашада БҰҰ-ның Алматы қаласындағы өкілдігінің шақыруы бойынша ХҚФ студенттері Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру мәселелеріне арналған дөңгелек үстелге қатысты.

Студенттер өз баяндамаларымен сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды. Әр баяндама ақпараттық талдау мәліметтерімен және барлық қатысушыларды қызу пікірталасқа тартумен өтті.

Атап айтқанда, жаһандық коммуникация департаментінің өкілі В. Самек мырза Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырудың маңыздылығын түсіндірді, сондай-ақ өзінің дана кеңестерімен бөлісті. Соның арқасында студенттер ғаламшар ауқымындағы осы үдеріске өз үлестерін қосуға үлкен қызығушылық танытты.

Бұл іс-шараның маңыздылығы өте жоғары. Өйткені, осының арқасында студенттерде шынайы дипломаттар мен аймақтанушылардың кәсіби мамандар ретіндегі рухы қалыптасалы.

Печать