ХҚФ студенттері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-гі дөңгелек үстелге қатысты

2019 жылы 19 қарашада Халықаралық қатынастар және аймақтану кафедрасының оқытушысы – А.М.Исалиева өзінің "Саясаттану" пәні аясында халықаралық қатынастар факультеті студенттерімен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өткен "Үшінші мыңжылдықтың жастары: саясат туралы диалог" атты дөңгелек үстелге қатысты.

Спикерлер Ш. Қилыбаева – "Қазақстан мен Қырғызстан жастарының саяси белсенділігі: салыстырмалы талдау", Д. Косназаров - "Хэштег активизм: жастар, әлеуметтік медиа және саясат" және С.Итқұлов "Медиатрендтер және олардың саяси күн тәртібіне әсері" тақырыптарында баяндама жасады. Баяндамашылардың тезистері Қазақстанда және шетелде апробациядан өткен ғылыми зерттеулерінің нәтижелеріне, сондай-ақ олардың кәсіби қызметіне негізделген.

Дөңгелек үстел барысында белсенді пікірталас өтті, оған біздің студенттер де қатысты. Олар бірінші курстан бастап өзінің саяси ерік-жігерінің сауатты баяндауына үйреніп, сапалы азаматтық қоғамның дамуына өз үлестерін   қосу ниетін білдірді.

Печать