Корейтану

2019 ж. 11-17 қараша аралығында Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Шығыстану факультетінде 2-ші корейтану апталығы өткізілді. Корейтану апталығы аясында Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ корейтану орталығы Коре серіктестік университетінің (Корея Республикасы) қатысуымен қонақ дәрістер, корейтану бойынша 10-шы Орта-Азиялық олимпиада және ТМД жас корейтанушы-ғалымдардың 5-ші конференциясын өткізді.

13 қарашада CIS Group өкілі Ким О.Г. «Жұмысқа орналасу үшін аударма біліктілігін арттыру» жайлы қонақ дәріс оқып, 14 қараша күні корей бөлімінің 2-4 курс студенттері қатысқан Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Ким Хынсу қонақ дәрісі өткізілді. 2019 жылдың 15-16 қараща аралығында орын алған халықаралық іс-шараларға 6 ел (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Украина және Оңтүстік Корея), 12 Қала, 20 жоғарғы оқу орындарынан барлығы 110 қатысушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша бірінші орынды ҚазХҚжӘТУ 4-курс студенті Жаңабай Ақзер, екінші орынды ҚазХҚжӘТУ 4-курс студенті Сұлтанади Ұлжан, үшінші орынды қырғыз-корей колледжінің студенті Эркинбаева Даткайым иеленді. Ынталандыру сыйлықтарын Трумова Ақбота (ҚазҰУ), Алиханова Арайлым (ЕҰУ), Өмірзақ жеміс (ҚызМУ), Арыстанбекова Гүлнұр (КИЦА, Бішкек), Ахророва Махинур (СамГИИЯ, Самарканд), Савина Кира (НИУ ВШЭ, Мәскеу), Наливайко Ольга (НГУ, Новосибирск), Криницкий Максим (КНЛУ, Киев) алды.

Печать