Ғылыми тәжірибе (Қостанай)

2019 жылдың  қараша айының 11-нен бастап Абылай хан атындағы ҚазХҚжәне ӘТУ-де А.Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің «6М021000- Шетел филологиясы» мамандығы бойынша 2 оқу жылының магистранттары Н.И.Буяновский және Ж.М.Муслимованың ғылыми-зерттеу тағылымдамасы басталды.

Университеттер арасындағы Ынтымақтастық туралы келісім (меморандум) аясында, магистранттардың ғылыми тағылымдамасы  Абылай хан атындағы ҚазХҚжәне ӘТУ-нің «Мәдениетаралық коммуникация және тілдер мен мәдениеттердің функционалды-прагматикалық типологиясы» бағытындағы ғылыми-зерттеу зертханасында жүзеге асырылады.

Ғылыми тағылымдамадан өту кезеңінде магистранттар университеттің белді профессорлары мен доценттерінің сабақтарына қатысуға және Қ.Т. Рысалды, Ф.Е. Исмаилова, А.А. Загидуллина сынды жетекші филология мен лингвистика саласындағы ғалымдардан магистрлік диссертация мен ғылыми мақаланы жазуына қатысты кеңестер алуына мүмкіндіктері  болады. Магистранттарға ҚазХҚжәнеӘТУ-нің желілік электронды ресурстарға, ақпараттық және мультимедиялық  ресурстарын пайдалануға мүмкіндік беріледі.

А.Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің магистранттары үстіміздегі жылдың 12 қарашасында «Қазақстандағы жоғары білім берудегі сапалы мәдениет тәжірибесін тарату: бенчмаркинг және резервтерді іздеу» тақырыбында білім сапасын қамтамасыз ету саласындағы өзекті мәселелер, Қазақстандағы жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудегі тәуелсіз аккредиттеудің рөлі талқыланған VI Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.

Печать