«Ұлы бабалар ізімен»

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТ университетінде  Қазақстанның қасиетті жерлерінің интерактивті картасы, «Ұлы бабалар ізімен» атты  жастар саяхаты  бағдарламасының және жастардың ішкі туризмін дамыту жобасының тұсаукесері өтті.

2019 жылдың жазында «Almaty Nomad» сакяхатшылар клубы ҰБА-ның  «Азаматтық бастамаларды қолдау» орталығының қолдауымен Қазақстанда жастардың ішкі туризмін дамыту бойынша жобаны жүзеге асырды.  Жоба нәтижесінде «Тұран» телеарнасында жастардың бірқатар телебағдарламалар, 150 объекті көрсетілген Қазақстанның киелі жерлерінің интерактивті картасы, сондай-ақ ғаламтор желісінде  түрлі  репортаждар шығарылды.

Жобаның басты мақсаты - жастарды еліміздің табиғи, тарихи және мәдени көрікті жерлерімен таныстыру арқылы ішкі туризмді насихаттау. Жобаға біздің университетіміздің де белсенді студенттері қатысты. Жастар өздерінің саяхат туралы әсерлерін өлеңдері мен мақалаларында, зерттеу жобаларында және фотосуреттерінде бөлісті.

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТ -де Қазақстанның қасиетті жерлерінің интерактивті картасы ұсынылды, оған елдің киелі және аймақтық маңызы бар 150 объект кірді және әлеуметтік желілерге жүктелді. Жобаны «Almaty Nomad» саяхатшылар клубы және университетіміздің журналистика және қоғаммен байланыс мамандықтарының студенттері құрды.

Доктор, PhD Мадина Ашилова еліміздің тарихи және мәдени көрнекті орындары туралы ашық дәріс өткізді. Қазақстанның туризмі мен мәдениетін ең жақсы білгендер  үшін сыйлықтар ойнатылды, фотокөрме сондай-ақ, Абай Құнанбаевтың келе жатқан 175 жылдығына орай  #Абай175 өлеңдері мен әндерінің флешмобы ұйымдастырылды.

https://www.google.com/maps/d/viewer?mid=1BwcEkPojilm0uPSqHHUg8yNJHrNCgzub&ll=48.745404996032725%2C67.00952265000001&z=5

Печать