«Moot Court Competition»

Қараша айының 2019 жылы Жеңіс Кембаевты еске алу кешіне орай ұйымдастырылған KIMEP Moot Court Competition 2019 бірінші қалалық заңи саласы бойынша жарыс өткізілді.

Бұл Алматы қаласындағы университеттердің Заң факультеттерінен құралған топтар арасындағы сот процесінің имитациясы негізінде өткізілді. Бұл шарада біздің де университетіміздің Халықаралық құқық және Құқықтану мамандықтарының студенттері қатысты. Командалар халықаралық заң фирмаларының тәжірибесіндегі мәліметтер бойынша ұсынылған нақты бір сот ісінің шешімдері бойынша жүргізілді. Бұл жарыстың басты мақсаты сот процессінде өкілдердің дәлелдемелерді жинау, зерттеу, бағалау дағдыларын дамыту. Жарыс барысында студенттер өздерінің білімдері мен іскерліктерін ірі компаниялардың заңгерлері мен судья ретінде қатысқан әріптестердің алдында көрсетті. Жарысқа қатысушы топтар арасында әділеттілік пен бәсекелестік рухы сезілді. Топтар Қазақстанның жетекші заң компанияларында жаз мезгілінде тәжірибеден өту мүмкіндігін иелену үшін күресті. Жарыс барысында қатысушылар құқықтық мәдениет және этика, азаматтық құқықтық пәндер саласында үлкен тәжірибеге ие болып, сондай-ақ жетекші заңгерлердің бағалы ақыл-кеңестерін, пікірлерін тыңдады.

Печать